Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аргентиналық жас футболшыға еуропалық клубтар таласып жатыр

Опубликовано:

Энцо Фернандес
Энцо Фернандес. Фото: championat.com

Катардағы әлем чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атанған Энцо Фернандеске еуропалық клубтар құда түсіп жатыр. Мамандар Фернандестің қаңтар айында АПЛ-ға ауысуы мүмкін екенін растады, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Журналист Бруну Андраденің айтуынша, Энцо қаңтар айында "Манчестер Юнайтедке" ауысуы мүмкін. Қазіргі таңда "манкуниандықтар" ғана аргентиналық жас періге 120 миллион еуро төлеуге дайын.

Бұған дейін "Бенфиканың" жартылай қорғаушысына "Ливерпуль" де қызығушылық танытқан болатын.

Фернандес 2022 жылдан бері португалдық "Бенфика" сапында өнер көрсетеді. Ал 2022 жылғы футболдан әлем чемпионатында үздік жас футболшы атағын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003143-argentinalyq-zas-futbolsyga-europalyq-klubtar-talasyp-zatyr/

pixel