Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық клуб Өзбекстанның олимпиадалық құрамасынан ұтылды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Жасыл алаң. Фото: pexels.com

“Қайсар” футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынының қорытынды күнінде Өзбекстанның олимпиадалық құрамасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қызылордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тартысты өткен матчта Өзбекстанның олимпиадалық құрамасы 2-1 есебімен жеңіске жетті.

"Қайсар" сапынан қаралымда жүрген ойыншы Бен Азиз гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қызылордалық "Қайсар" клубының бас бапкері қызметіне Виктор Кумыков келгенін жазған едік.

Виктор Кумыков "қасқырлардың" жанкүйерлеріне таныс. Ол бұған дейін де қызылордалық клубта жұмыс істеген.

Атап айтсақ 2004 жылы ресейлік маман "Қайсардың" тізігінін ұстап, Сыр жанкүйерлерін жеңіспен қуантқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003150-otandyq-klub-ozbekstannyn-olimpiadalyq-quramasynan-utyldy/

pixel