Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Месси қалып қойды": Роналду тарихтағы ең үздік сұрмерген атанды

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Alex Pantling/Getty Images

Футбол тарихы мен статистикасы халықаралық федерациясы (IFFHS) тарихтағы үздік сұрмергендер тізімін жариялады. Бұл туралы Championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

IFFHS сұрмергендерді анықтау барысында халықаралық ресми клубтық матчтар мен ұлттық құрама сапында соғылған голдарды есепке алған.

Тізімге сәйкес, бірінші орынды 270 гол соққан Криштиану Роналду иеленді. Әлем чемпионы атанған Лионель Месси екінші сатыда. Оның еншісінде 235 гол бар.

Ал үздік сұрмергендер үштігін польшалық Роберт Левандовски 178 голмен қорытындылап тұр.

Тарихтағы үздік мергендердің алғашқы ондығы:

1. Криштиану Роналду (Португалия) – 270 гол;

2. Лионель Месси (Аргентина) – 235;

3. Роберт Левандовски (Польша) – 178;

4. Герд Мюллер (Германия) – 137;

5. Неймар (Бразилия) – 136;

6. Карим Бензема (Франция) – 128;

7. Рауль (Испания) – 123;

8. Әли Даеи (Иран) – 122;

9. Ференц Пушкаш (Венгрия) – 122;

10. Луис Суарес (Уругвай) – 121.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003199-messi-qalyp-qoidy-ronaldu-tarixtagy-en-uzdik-surmergen-atandy/

pixel