Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Parimatch Foundation Түрген ауылының балаларын "Алматы" ХК матчына шақырды

Опубликовано:

Матч
Фото: Parimatch

Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры Түрген ауылының мұқтаж отбасыларынының және жетім балаларының Алматы қаласындағы хоккей матчына ойын-сауық сапарын ұйымдастыруға қатысты.

21 желтоқсанда шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының тұрақты маусымы аясында "Алматы" ХК мен павлодарлық "Ертіс" ХК арасында матч өтті. Жанкүйерлер арасында ерекше қонақтар да болды — Parimatch Foundation қолдауымен әсерлі ойынды өз көздерімен тамашалауға келген Түрген ауылындағы мүшкіл отбасынан шыққан балалар.

Матч
Фото: Parimatch

Сапар "Душа" және Архангел Михаил ғибадатханасында "Көмек керек" қайырымдылық ұйымдарымен бірлесіп ұйымдастырылды. Алғашқысы Parimatch Foundation-мен бірлесіп бірнеше рет осындай іс-шаралар ұйымдастырған, балаларды спорт әлеміне жақынырақ етіп,кәсіби спортшылармен танысуға мүмкіндік берді.

"Мұндай сапарлар балаларға , әсіресе билеттерді сатып алу мүмкіндігі әрдайым қолы жете бермейтін, мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға өте пайдалы. Бұл жолы ойынға Түрген ауылындағы екі мектептің балалары барды және олар аңсаған сапарға дейін қалған күндерді асыға есептеп күтіп жүрді. Мұндай сапарлардың әрқайсысы ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Біз бұған дейін Parimatch Foundation — мен бірге ұйымдастырылған матчтарға барған балалар әлі күнге дейін көрген ойындарын еске алып, талқылайды", - деді "Душа"еріктілер қозғалысының ұйымдастырушысы Светлана Бексерикова.

Матч
Фото: Parimatch

Матчқа Ломоносов және Қонаев атындағы мектептердің 30-дан астам жас жанкүйерлері, сондай-ақ Архангел Михаил храмының шәкірттері мен мүмкіндігі шектеулі балалар қатысты. Қауіпсіздік мақсатында автобустарды жол полициясы басқармасы ұсынған полиция жасағы алып жүрді.

"Біз Parimatch Foundation қорына балаларымыздың ойыннан алған жарқын эмоциялары мен жылы естеліктері үшін үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Олар аренадағы атмосфераға және спортшыларды көздерімен көргендері үшін қатты қуанды, тек осы туралы қайталап әңгіме етеді. Болашақта осындай тосынсыйларды ортақ күш — жігермен ұйымдастыра аламыз деп үміттенеміз", - деп бөлісті Архангел Михаил ғибадатханасының "Нужна Помощь" қорының үйлестірушісі Галина Дерепаско.

Матч
Фото: Parimatch

Матч өте нәтижелі болып, Павлодар клубының пайдасына 6:3 есебімен аяқталды. Parimatch Foundation сонымен қатар ойын барысында қонақтарды жеңіл тағамдармен қамтамасыз етті, осылайша балалар өздерінің фавориттерін екі есе қуатпен тамашалай алды.

Parimatch Foundation - 2019 жылы құрылған Халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың басты мақсаты-балаларға спортпен шұғылдануға және оқуға тең мүмкіндіктер мен қол жетімділік беру арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2003246-parimatch-foundation-turgen-auylynyn-balalaryn-almaty-xk-matcyna-saqyrdy/

pixel