Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мбаппе Неймарды сатып, Зиданды бас бапкер қылуды талап етіп жатыр

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: John Berry/Getty Images

"ПСЖ" шабуылшысы Киллиан Мбаппе париждік команда сапында қалу үшін басшылыққа үш талап қойды. Бұл туралы Спорт Экпресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінде, 24 жастағы ойыншы "ПСЖ"-ның тағы бір атақты ойыншысы Неймардың клубтан кетуін талап етіп отыр. Былтыр Мбаппенің жағдайын жасау үшін париждік клуб Неймарды сатуға тырысқан еді. Алайда лайықты бағаға сатып алушылар табылмады.

Мбаппенің тағы бір талабы - "Тоттенхэм" шабулысы Харри Кейнді сатып алу. Сондай-ақ көпшілік қызығушылығын тудырған негізгі талап - команда тізгінін әйгілі Зинедин Зиданға ұстату.

Егер клуб бұл міндеттерді орындамаған жағдайда, Мбаппе келесі жазда командадан кететінін айтқан.

Айта кетелік, Киллиан Мбаппе биыл "ПСЖ" сапында 20 матчқа қатысып, 19 гол соққан.

Ал әлем чемпионатында сегіз гол салып, "Үздік сұрмерген" атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003258-mbappe-neimardy-satyp-zidandy-bas-bapker-qyludy-talap-etip-zatyr/

pixel