Қазақстан құрамасы алғаш рет өтетін United Cup турнирінде бақ сынайды
Опубликовано:

29 желтоқсан – 8 қаңтар аралығында Аустралияның Брисбен, Перт және Сидней қалаларында алғаш рет United Cup командалық турнирі өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан намысын Юлия Путинцева (№51), Жібек Құламбаева (жұптық сында №202), Гөзал Айнитдинова (жұптық сында №392), Александр Бублик (№37), Тимофей Скатов (№142), Денис Евсеев (№292) және Григорий Ломакин (жұптық сында №205) қорғайды.
В тобында қазақстандықтар Польша және Швейцария құрамаларымен сынға түседі. Бұл топтағы бәсекелердің бәрі Брисбенде өтеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2003294-qazaqstan-quramasy-algas-ret-otetin-united-cup-turnirinde-baq-synaidy/