Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" клубы болашағы зор футболшымен жаңа келісімшартқа отырды

Опубликовано:

Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков. Фото: "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметі

"Қайрат" футбол клубы 20 жастағы жартылай қорғаушы Әділет Садыбековпен жаңа келісімшартқа отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қайрат" футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа келісім 2025 маусымының соңына дейін есептелген.

Айта кетейік, Әділет Садыбеков 2022 жылдың бірінші жартысында "Қайрат-Мәскеу" сапында өнер көрсетіп, маусым айының ортасында негізгі команданың ойыншысы атанды, ол бүгінгі күні 19 матч ойнап, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

"Қайрат" футбол клубы Әділетті жаңа келісімшартпен құттықтап, оған командамен бірге одан әрі өсулерін және үлкен жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003299-qairat-kluby-bolasagy-zor-futbolsymen-zana-kelisimsartqa-otyrdy/

pixel