Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы Әлем чемпионы атағынан айырылды

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Данияр Елеусінов Халықаралық бокс ұйымының нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы Әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды Sports.kz.

2022 жылғы 27 желтоқсандағы жағдай бойынша, Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ. Алайда оның аты мен суреті бұған дейін болған еді.

Сонымен қатар BoxRec.com порталында жартылай орта дивизиондағы чемпиондық белбеу бос деп тұр.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы айқасын өткен жылы 18 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізген. Оның қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леао болды.

Данияр Елеусінов жекпе-жекті өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Жалпы барлық раундта Елеусінов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2003316-qazaqstandyq-bokssy-alem-cempiony-atagynan-aiyryldy/

pixel