Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аякстың" атақты ойыншысы клуб сапынан кетті (фото, видео)

Опубликовано:

ала доп
Футболшы жасыл алаңда. Фото: pexels.com

Нидерланд біріншілігінде өнер көрсететін "Аякс" ұжымы клуб сапында өзгеріс болғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Аякс" клубының баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Хабарламада клуб пен 32 жастағы Дейли Блиндтің келісімшартты бұзу туралы ортақ шешімге келгені айтылған.

Айта кетейік, Дейли Блинд "Аякс" футбол академиясының түлегі. Қорғаушы аталған ұжым сапында 333 матчқа қатысып, 13 голдың авторы атанған.

Ол "Аякстан" бөлек "Манчестер Юнайтед" сапында доп тепкен. Сонымен қатар Блинд Нидерланд құрамасында жүзге жуық матч өткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003323-ayakstyn-ataqty-oiynsysy-klub-sapynan-ketti-foto-video/

pixel