"Қайрат" футбол клубы ресейлік ойыншымен ортақ келісімге келді (фото)
Опубликовано:

"Қайрат" футбол клубы ресейлік қорғаушы Виктор Васинмен келісім-шартты ұзартқандығын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі алматылық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа келісім-шарт мерзімі 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Васин "Қайратқа" 2022 жылдың басында келген және өткен маусымда команда капитандарының бірі болды.
Қорғаушы алматылық ұжым сапында 32 матч өткізіп, 3 гол соқты.
"Қайрат" футбол клубы Викторды жаңа келісім-шартпен құттықтайды және келесі маусымда командамен бірге үлкен жеңістерге жетуін тілейді", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2003438-qairat-futbol-kluby-reseilik-oiynsymen-ortaq-kelisimge-keldi/