Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы Әлем чемпионаты: Шахматшылардың нәтижесі қандай

Опубликовано:

Шахмат
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматыда шахматтан Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Екі күннен кейінгі спортшылардың нәтижесі белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар мен жанкүйерлердің назарында жүрген норвегиялық Магнус Карлсенді әлем чемпионатында рапидтен ешкім тоқтата алар емес. Екі күннен кейін оның еншісінде алты жеңіс пен үш тең ойыны бар.

Ал Владимир Федосеев (FIDE), рапидтен әлем чемпионы өзбекстандық  Нодирбек Әбдісаттаров, Германия елінің үкілеген үміті Винсент Кеймердің еншісінде 7 ұпай.

Одан кейінгі сатыда Данил Дубов, Влад Артемьев (FIDE), Аниш Гири (Нидерланд), Яньи (Қытай), Арджун Эрийгайси (Үндістан), Фабиано Каруана (АҚШ) 6,5 ұпаймен келе жатыр.

Ерлер додасында қазақстандық шахматшылардың арасынан павлодарлық Әлішер Сүлейменовтің аяқ алысы жаман емес.

Әйелдер арасындағы рапидте Тан Чжуньи көш басына шықты. Еншісінде 6,5 балл. Үздіктер қатарында Александра Горячкина мен жас үндістандық Шри Савита да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003440-almatydagy-alem-cempionaty-saxmatsylardyn-natizesi-qandai/

pixel