Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналдудың ұлы қай клубтың жастар командасында ойнайтыны белгілі болды

Опубликовано:

Футбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Криштиану Роналдудың ұлы "Реал Мадридтің" академиясына қайта оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты журналист Эду Корнаго Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Оның мәліметінше, кіші Криштиану енді корольдік клубтың академиясында жаттықпақ. Роналдудың ұлы төрт жылдан кейін "Реал Мадридке" қайта оралып отыр. Бұған дейін кіші Криштиану "Ювентус" пен "Манчестер Юнайтедтің" академиясында ойнады.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Манчестер Юнайтед" клубынан кетерде біраз дау шығарған Криштиану Роналдудың "жағдайы" қиындай түскенін жазған едік. Себебі Чемпиондар лигасында өнер көрсететін еуропалық клубтардың португалиялық сұрмергеннен бас тартқаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003442-ronaldudyn-ulynyn-qai-klubtyn-zastar-komandasynda-oinaityny-belgili-boldy/

pixel