Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катардағы Әлем чемпионатының үздік ойыншыларының бірі "Ливерпуль" клубына ауысты (фото)

Опубликовано:

Нидерланд ойыншысы
Гакпо. Фото: liverpoolfc.com

Нидерланд құрамасының жартылай қорғаушысы Коди Гакпо "Ливерпуль" ойыншысы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты "Ливерпуль" футбол клубы Instagram әлеуметтік желісінде растады.

Белгілі болғандай, Нидерланд чемпионатында өнер көрсететін "ПСВ" клубы мен "Ливерпуль" футболшыны сатып алу туралы ортақ шешімге келген.

Кейбір деректерде ағылшындық клуб үшін жартылай қорғаушынының бағасы бонусты қоса алғанда 50 миллион еуроға айналған.

Гакпо "Ливерпуль" сапында он сегізінші нөмірмен ойнайды.

Еске сала кетейік, футболдан Катарда өткен Әлем чемпионатында Коди Гакпо турнирдің үздік ойыншыларының қатарынан көрінді. Жартылай қорғаушы Нидерланд құрамасымен бірге жарыстың ширек финалына дейін жетті және төртжылдықтың ірі додасында үш гол соқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003576-katardagy-alem-cempionatynyn-uzdik-oiynsylarynyn-biri-liverpul-klubyna-auysty-foto/

pixel