Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылы ел есінде қалған үздік 3 спорттық іс-шара қандай

Опубликовано:

2022 жылғы 3 үздік сенсациялық спорттық іс-шаралары
Фото: Parimatch

Жаңа жыл жақындап келеді, демек, 2022 жыл қазақстандықтарды ғана емес, бүкіл әлемді қуантқан спорттағы ең қызықты және сенсациялық оқиғаларды еске түсіретін уақыт келді.

Аргентина - әлем чемпионы

Биылғы жылдың ең қызықты оқиғасынан бастағымыз келеді, ол 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өткен футболдан әлем чемпионаты. Сауд Арабиясы Аргентина құрамасын топтық кезеңде жеңгеннен кейін, бұл жағдай мундиалдың ұзақ уақыт есте қалатын оқиғасы болатыны анық болды. Әлемдегі ең мықты командалар ойыннан бірінен соң бірі шығып кетіп, әр матч күнінде интригалар қосылып отырды. Месси мен Мбаппе арасындағы соңғы тартыстың қалай аяқталарын бүкіл әлем асыға күтті. 36 жылдан кейін үшінші атағын жеңіп алған Аргентина үшін және бесінші чемпионатына қатысқан Лионель үшін шын жүректен қуанбау күнә болар еді.

Өткен мундиалда көптеген әсерлі және қызықты рекордтар тіркелді:

  • Катар дебюттік матчта алаң иесі жеңілген алғашқы команда болды;
  • Марокко плей-оффқа қатысқан алғашқы Африка құрамасы болды;
  • Германия 1938 жылдан бері алғаш рет мундиалда алғашқы екі матчта жеңіске жете алмады;
  • Криштиану Роналду мен Лионель Месси 5 Әлем чемпионатына қатысқан таңдаулы ойыншылардың қатарына енді;
  • Роналду Португалияның мундиалда гол соққан ең егде жастағы ойыншысы (37 жас 292 күн) болды. Ол сондай-ақ дәл осындай жетістікке жеткен ең жас ойыншы ретінде (21 жыл 132 күн) 2006 жылғы рекордты сақтап келе жатыр.
  • Мбаппе 1966 жылдан бастап финалда хет-трик жасаған әлемдегі екінші ойыншы атанды;
  • Месси ұлттық құрама тарихындағы ең үздік аргентиналық бомбардир және ойыннан шығып қалу қаупі туындаған әр кезеңде гол соққан әлемдегі алғашқы ойыншы болды, сондай-ақ ең көп ойналған матчтардың рекордын жаңартты (26).

Бұл 2022 жылғы әлем чемпионатының қатысушылары жеңіп алған жетістіктердің аз ғана бөлігі. Келесі чемпионаттар одан да қызықты болады деп үміттенеміз!

Көптен күткен GGG - "Канело" трилогиясы

17 қыркүйектен 18 қыркүйекке қараған түні Лас-Вегастағы шаршы алаңда Головкин мен Альварес үшінші рет кездесті. Бұл жекпе-жек екі чемпион арасында бұған дейін дау тудырған кездесулерге нүкте қойуы тиіс еді. Естеріңізге сала кетейік, боксшылардың арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтіп, тең есеппен аяқталған еді. Ал екіншісі төрешілердің шешімі бойынша "Канелоның" жеңісімен яқталған болатын. Мұндай нәтижелер екі тараптың да көңілінен шықпады, бұл жағдай үшінші кездесу өткізуге себеп болды. Үшінші жекпе-жекте боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасып, өкінішке орай Головкин жеңіліске ұшырады. Десе де, қазақстандықтар чемпионды көңілін түсірмеуге шақырып, қолдау білдірді. Ал GGG жақсы дайындықпен оралуға уәде берді.

Келесі жылы қаһарманымыздан не күте аламыз? Орта салмақтағы чемпион ретінде Головкин өз атақтарын қорғауға міндетті. IBF және WBA нұсқалары бойынша міндетті қарсылас-бразилиялық Эскива Фалкао (29-0), содан кейін кубалық боксшы Эрисланди Лара (29-3-3). Сонымен қатар, GGG-мен жекпе-жекке шығуға Майкл Зерафа (31-4) және Хайме Мунгия (41-0) ниет білдірді. Қазақстандық чемпионға қарсыласын таңдау ғана қалды, ал біз әрине оны кезекті керемет жекпе-жекте қолдайтын боламыз.

Уимблдонның Қазақстаннан шыққан алғашқы чемпионы

2022 жылы қазақстандық теннисшілер мықты ойын көрсетті, бірақ Елена Рыбакина сенсация жасап, Уимблдон-2022 жеңіп алды. Елдің алғашқы ракеткасы турнирдегі барлық матчта жеңіліссіз керемет өнер көрсетті. Ал жыл соңында ол Дубайда World Tennis League көрме турнирінде жеңіске жетіп, WTA көшбасшысы Ига Швентекті жеңіп, жеңіліссіз спортшы атағын сақтап, Қазақстанға тағы бір сыйлық жасады.

Сізге қандай оқиғалар көбірек есте қалды? Parimatch 2022 жылы үздік оқиғаларға ұтыс тіккендердің барлығына үлкен рахмет айтады және алғыс ретінде Англияға "Челси" және "Лестер Сити" үй алаңы матчтарына екі адамға 2 сапар, сондай-ақ 50 000 000 теңгеге басқа да сыйлықтар ойнатады. Қатысыңыз және ұтысқа ие болыңыз!

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003595-2022-zyly-el-esinde-qalgan-uzdik-3-sporttyq-is-sara-qandai/

pixel