Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тараз" футбол клубы ресми мәлімдеме жасады

Опубликовано:

футболшы
Фото: "Тараз" футбол клубының баспасөз қызметі

"Тараз" клубы ресми мәлімдеме жасады. Онда футбол ұжымының келесі маусымда Бірінші лигада өнер көрсететіні айтылған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бүгін клуб базасында Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен команда ойыншылары, клуб өкілдерінің кездесуі өткен.

Басқарма басшысы облыстық әкімдік тарапынан жағдай жасалса да клуб соңғы кездері бірқатар қаржылық қиындықтарды бастан өткеріп жатқанын атап өтті.

Ойыншыларға берешек болғандықтан Қазақстан Футбол федерациясы клубқа жаңа ойыншылар алуға тыйым салған және Премьер лиганың келесі маусымына қатысу бойынша лецензиялауда мәселелер туындаған.

"Бұндай жағдайда команданың еліміздің жоғары біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін емес. Осыған байланысты, федерация "Тараз" футбол клубын Бірінші лигаға жіберу туралы шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003687-taraz-futbol-kluby-resmi-malimdeme-zasady/

pixel