Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Эрлинг Холанд жаңа рекорд орнатты

Опубликовано:

Нападающий Эрлинг Холанд
Эрлинг Холанд. Фото: twitter.com/ManCity/

"Манчестер Ситидің" шабуылшысы Эрлинг Холанд Англия біріншілігінің жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Норвегиялық сұрмерген Англия чемпионатында жиырма голды он төрт матчта салған алғашқы ойыншы атанып отыр.

Бұған дейін рекорд Кевин Филлипске тиесілі еді. Ол 1999/2000 маусымда "Сандерленд" сапында 21 кездесуде 20 доп ұрған.

Айта кетейік, Англия біріншілігінің он жетінші турында "Манчестер Сити" клубы "Лидстен" 3:1 есебімен басым түсті. Аталған ойында Эрлинг Холанд дубль авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003697-erling-xoland-zana-rekord-ornatty/

pixel