Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі футболшы Пеле қайтыс болды

Опубликовано:

Пеле
Пеле. Фото: Robert Cianflone/Getty Images

Футболдан әлемнің үш дүркін чемпионы Пеле мәңгілік сапарға аттанды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Пеле Бразилиядағы ауруханалардың бірінде жан тапсырды. Ол 29 қарашада шұғыл түрде жансақтау бөліміне жеткізілген болатын.

Футболшы соңғы екі жылда тоқ ішектің қатерлі ісігімен күресіп, жеңіліске ұшырады.

Ол 29 желтоқсанда 82 жасында көз жұмды.

Пеле футболшы ретінде әлем чемпионатында үш рет жеңіске жеткен жалғыз ойыншы. Ол 1958, 1962 және 1970 жылдары Бразилия сапында әлем чемпионы атанды.

Ұлттық құрама сапында 92 ойын өткізіп, 77 гол соққан. Бұл рекорды 50 жыл бойы сақталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003699-aigili-futbolsy-pele-qaitys-boldy/

pixel