Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылдың үздік бапкері кім

Опубликовано:

ұлттық құрама
Магомед Адиев шәкірттерінің ортасында. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "Жыл таңдауы" – "Алтын адам" сыйлығында "Жыл бапкері" номинациясында үздік атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның футбол федерациясына сілтеме жасап.

Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып биыл мамыр айында тағайындалған болатын. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орын алып, УЕФА Ұлттар лигасының В лигасына жолдама алды.

Айта кетейік, "Жыл таңдауы" ұлттық сыйлығы Қазақстанда 2000 жылдан бастап өткізіліп келеді.  

Жеңімпаздар халық арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы, сарапшылардың дауыс беруі, ұйымдастырушылардың талдауы және қазылар алқасының таңдауы бойынша анықталады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003889-2022-zyldyn-uzdik-bapkeri-kim/

pixel