Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов мансабын аяқтады

Опубликовано:

Дамир Исмағұлов
Дамир Исмағұлов. Фото: Mike Roach / Zuffa LLC

Белгілі аралас жекпе-шек шебері Дамир Исмагулов кәсіби мансабын аяқтайтынын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы UFC өкілі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Дамирдың сөзінше, мансабын аяқтауына денсаулығы себеп болған.

"Бір өкініштісі, жағдайыма және денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды аяқтауға мәжбүрмін. Осы уақытқа дейін жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан шынайы жанкүйерлік еткен және қасымда болған жандарға рақмет. Бұның қызықты саяхат болғаны рас және мәңгі жадымды сақталмақ. Барлығын құшақтадым", - деді спортшы.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында 31 жастағы Исмагулов ресейлік аралас жекпе-жек шебері Арман Царукяннан жеңілген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2003934-aralas-zekpe-zek-seberi-damir-ismagulov-mansabyn-ayaqtady/

pixel