Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роналду "Әл-Наср" ойыншысы атанды: Таныстыру рәсімі қалай өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Роналду
Роналду. Фото: Instagram/alnasr_fc

Криштиану Роналду ресми түрде Сауд Арабиясының чемпионатында өнер көрсететін "Әл-Наср" клубының ойыншысы атанды. Түнде футболшыны таныстыру рәсімі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Португалиялық шабуылшыны таныстыру рәсімі Сауд Арабиясының астанасы Эр-Рияд қаласындағы "Мрсул-парк" стадионында өтті. Шараға 25 мыңға жуық жанкүйер келген.

Белгілі болғандай, билет 15 риялдан сатылған (жобамен 1800 теңге). Түскен қаржының қайырымдылық қорына аударылатыны БАҚ беттерінде жазылды.

Маңызды сәтте сұрмергеннің сүйіктісі Джорджина Родригес пен балалары да бой көрсетті.

Таныстыру рәсімінде Криштиану Роналду жанкүйерлерге алғысын білдіріп, "Әл-Наср" клубы үшін барын салатынын жеткізді.

Сонымен қатар ол Сауд Арабиясының біріншілігінде өнер көрсететін ұжымға ауыспас бұрын, бірнеше еуропалық командадан ұсыныс түскенін, алайда бас тартқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубына ауысқанын жазған едік.

Португалиялық сұрмерген ауысқанға дейін клубтың Instagram желісінде 860 мыңдай оқырман болатын. Қазіргі уақытта оның саны 8 миллион 600 мыңға жетті. Яғни бірнеше күннің ішінде "Әл-Наср" клубының Instagram желісіндегі парақшасына жеті жарым миллионнан астам жанкүйер қосылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004017-ronaldu-al-nasr-oiynsysy-atandy-tanystyru-rasimi-qalai-otti-foto-video/

pixel