Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Англия біріншілігі: "Манчестер Юнайтед" кезекті жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

Рэшфорд
Рэшфорд: Twitter/Manchester United

Футболдан Англия чемпионатының 19-турында "Манчестер Юнайтед" пен "Борнмут" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Олд Траффорд" стадионында өткен матчта "Манчестер Юнайтед" жеңіске жетті. Есеп 3:0. Гол авторлары: Каземиро, Люк Шоу, Маркус Рэшфорд.

Осылайша, Эрик Тен Хагтың шәкірттері соңғы он матчтағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Бұл кезеңде "Манчестер Юнайтед" тек "Астон Виллаға" ғана есе жіберді.

Айта кетейік, "Манчестер Юнайтедтің" келесі ойыны 6-қаңтарға жоспарланған. Англия кубогы аясындағы матчта "қызыл сойқандар" Фрэнк Лэмпард жаттықтыратын "Эвертонмен" кездеспек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004024-futboldan-angliya-birinsiligi-mancester-yunaited-kezekti-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel