Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық бокс қауымдастығының рейтингі шықты: Қазақстан құрамасы нешінші орында

Опубликовано:

Сәкен Бибосынов
Сәкен Бибосынов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингі жаңартылды. Тізімді Қазақстан ұлттық құрамасы бастап тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаңа жыл жақсы жаңалықпен басталды. Қазақстан құрамасы Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) рейтингінде бірінші орында.

Қазіргі таңда былғары қолғап шеберлеріміздің есебінде - 48 100 ұпай бар. Өзбекстан боксшылары екінші орында – 37 600 ұпай. Үздік үштікті Үндістан боксшылары түйіндеп тұр – 36 300 ұпай.

IBA рейтингінде барлығы 135 ұлттық федерация боксшылары ұсынылған. ⠀ Боксшыларымызды шын жүректен құттықтай отырып, бұдан да көп жеңіс тілейміз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2004036-xalyqaralyq-boks-qauymdastygynyn-reitingi-syqty-qazaqstan-quramasy-nesinsi-orynda/

pixel