Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испания кубогы: "Реал Мадрид" келесі кезеңге шықты

Опубликовано:

футболшылар
Родриго мен Себальос жасыл алаңда. Фото: Twitter/Real Madrid C.F.

Түнде Испания кубогының 1/16 финалдық матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Реал Мадрид" сырт алаңда Испания біріншілігінің төртінші дивизионында өнер көрсететін "Ксереньо" клубымен ойнады. Тартысты өткен матчта корольдік ұжым минималды есеппен жеңіске жетті. Матчтағы жалғыз голды Родриго Гоэс жетпісінші минутта соқты.

Айта кетейік, бразилиялық шабуылшы алаңға алпыс сегізінші минутта Эден Азарды алмастырып шыққан еді.

Осылайша, Карло Анчелоттидің шәкірттері Испания кубогының 1/8 финалына жолдама алып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004043-ispaniya-kubogy-real-madrid-kelesi-kezenge-syqty/

pixel