Елена Рыбакина Аделаида турнирінің ширек финалына шыға алмады

Опубликовано:

Теннисистка Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: SEBASTIEN BOZON/AFP via Getty Images

Еліміздің бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 69-орында тұрған 20 жастағы украиналық Марта Костюкке 7:6 (7:5), 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Аталған турнирде Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Анна Данилина ресейлік Анна Калинскаямен бірге чехиялық Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушоваға 6:3, 5:7, 2:10 есебімен жол берді.

Ал Андрей Голубев пен Александр Недовесов алғашқы айналымда америкалық Макс Кресси – франциялық Альбано Оливеттиден ұтылып қалды – 6:7 (8:10), 6:7 (4:7).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2004211-elena-rybakina-adelaida-turnirinin-sirek-finalyna-syga-almady/