Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испания кубогы: "Барселонаның" қатысуымен өткен матчта жеті гол соғылды

Опубликовано:

Барселона
Көрнекі фото: pexels.com

Түнде Испания кубогының 1/16 финалдық матчтары өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Барселона" сырт алаңда Испания біріншілігінің үшінші дивизионында өнер көрсететін "Интерсити" клубымен ойнады. Тартысты өткен матчта каталониялық ұжым 3:4 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Ориоль Сольдевила (хэт-трик) - Рональд Араухо, Усман Дембеле, Рафинья Диас, Ансу Фати.

Осылайша, Хавидің шәкірттері Испания кубогының 1/8 финалына жолдама алып отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Реал Мадридтің" аталған турнирдің келесі кезеңге шыққанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004214-ispaniya-kubogy-barselonanyn-qatysuymen-otken-matcta-zeti-gol-sogyldy/

pixel