Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дэвис кубогы матчына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

Опубликовано:

Александр Бублик
Александр Бублик. Фото: JEAN-CHRISTOPHE VERHAEGEN/AFP via Getty Images

Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Чилимен Дэвис кубогінің іріктеу матчын өткізеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Матч сырт алаңда 4-5 ақпанда өтеді деп жоспарланып отыр.

Федерация ұсынған ақпаратқа сәйкес, Юрий Щукин бастаған бапкерлер штабы Чилиге қарсы өнер көрсететін құраманы анықтады.

Ел намысын қорғайтын теннисшілер:

  • Александр Бублик (ATP рейтингісінде 36-орында),
  • Тимофей Скатов (124, ATP),
  • Михаил Кукушкин (195, ATP),
  • Андрей Голубев (49, ATP жұптық рейтингісі),
  • Александр Недовесов (55, ATP жұптық рейтингісі).

Матч жеңімпазы Дэвис кубогының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2004302-devis-kubogy-matcyna-qatysatyn-qazaqstan-quramasy-belgili-boldy/

pixel