Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бавария" футбол клубы Нидерланд құрамасының қорғаушысын қатарына қосты (фото)

Опубликовано:

Блинд
Блинд көлікте. Фото: Twitter/FC Bayern München

Жақында ғана "Аякс" сапынан кеткен Дейли Блинд Германия чемпионатында өнер көрсететін клубпен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нидерланд құрамасының 32 жастағы қорғаушысы енді "Бавария" сапында маусым соңына дейін доп теппек. Бұл ақпаратты мюнхендік ұжымның баспасөз қызметі растады.

Хабарламада Дейли Блиндтің медициналық тексеруден сәтті өткені айтылған.

Қорғаушы бүгін жаңа клубындағы алғашқы жаттығу жұмысын жасайды деп күтілуде. Ол "Бавария" сапында 23 нөмірмен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Дейли Блиндтің "Аякс" сапынан кеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004383-bavariya-futbol-kluby-niderland-quramasynyn-qorgausysyn-qataryna-qosty-foto/

pixel