Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшы алғаш рет IBF рейтингісіне енді

Опубликовано:

Қолғап
Көрнекі фото: piqsels.com

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингті ұсынды, деп жазады Sports.kz.

Жаңартылған рейтингте Серік Мұсаділов 15-орыннан көрінді. Отандық боксшы бірінші ауыр дивизионда өнер көрсетеді. Бұл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы – аустралиялық Джей Опетайя.

Екінші орта салмақта Әли Ахмедов алтыншы орынға жайғасқан.

Геннадий Головкин чемпион атанған орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов жетінші сатыда тұр.

Сонымен қатар екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зәуірбек үздік он бес боксшының қатарынан көрінді (он төртінші орын).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2004393-qazaqstandyq-bokssy-algas-ret-ibf-reitingisine-endi/

pixel