Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ювентус" пен "Челсидің" бұрынғы ойыншысы қайтыс болды

Опубликовано:

Табыт
Көрнекі сурет: pixabay.com

Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Джанлука Виалли қайтыс болды, деп хабарлайды Sports.ru.

Басылым мәліметінше, "Сампдория", "Ювентус", "Челси" және "Кремонезе" сапында өнер көрсеткен футболшы 58 жаста өмірден өткен. Оның 2017 жылдан бері ұйқы безінің қатерлі ісігімен күрескені белгілі болды.

2022 жылдың желтоқсан айының ортасында Виалли Италия құрамасының делегациясы басшысы қызметінен кеткен еді.

Сол уақытта спортшы алдағы мақсаты дертімен күресу екенін жеткізген.

Еске сала кетейік, Виалли "Сампдория" сапында 6 жүлдеге, "Ювентуспен" бірге 4 жүлдеге, "Челсимен" 4 жүлдеге қол жеткізді. Сонымен қатар ол "Уотфорд" пен "Челсиді" жаттықтырған. Лондондық ұжыммен бапкер ретіне бес кубокқа ие болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004435-yuventustyn-buryngy-oiynsysy-qaitys-boldy/

pixel