Зарина Диястың тенниске қашан қайта оралатыны белгілі болды

Опубликовано:

Зарина Дияс
Зарина Дияс. Фото: Mark Metcalfe/Getty Images

Қазақстандық Зарина Дияс тенниске жарты жылдық үзілістен кейін көктемде қайта оралмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

"Өткен жыл мен үшін күрделі болды. Денсаулығыма байланысты қиындықтар туындап, үзіліс алуыма тура келді. Сондықтан рейтингім де төмендеп кетті. Қазіргі кезде қалпыма келіп жатырмын, денсаулығым жақсарып қалды. Теннис, турнир, жанкүйерлерді сағындым. Тенниске сәуір айында оралуды көздеп отырмын. Бәріңізді Жаңа жылмен құттықтап, тыныштық, ашық аспан, барша жақсылықты тілеймін", -деді Зарина Дияс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2004457-zarina-diyastyn-tenniske-qasan-qaita-oralatyny-belgili-boldy/