Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Ақұрпеков Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды

Опубликовано:

Нұрлан Ақүрпеков
Нұрлан Ақүрпековтің "Жамбыл облысының құрметті азаматы" атағын алған сәті. Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

Белгілі бокс бапкері Нұрлан Ақұрпеков Жамбыл облысының құрметті азаматы атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұрлан Ақүрпеков дайындаған - Бақтияр Артаев, Ғани Жайлауов, Әділет Аманқұл, Аманжолов, Әлімбаевтар облыс деңгейінде ғана емес, сонымен қатар, еліміздің көк туын әлемдік ареналарда желбіретті.

Қазіргі уақытта шәкірті Дулат Бекбауов ұлттық құрама сапында өнер көрсетуде.

2004 жылы шәкірті Артаев Бақтияр Афина Олимпиадасының жеңімпазы атанумен қатар, Вел Баркер кубогының иеленді.

Ақұрпеков 2004 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері болды.

Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің барша бокс қауымдастығы атынан Нұрлан Сәкенұлын құрмет медалімен құттықтай отырып, бокс саласына сіңірген еңбегі үшін алғыс айтамыз", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2004608-artaevtyn-bapkeri-bir-oblystyn-qurmetti-azamaty-atandy-foto/

pixel