Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропалық клубтарда доп тепкен футболшы "Астана" сапынан кетті

Опубликовано:

«Астана Арена»
Фото: Wikipedia

"Астана" футбол клубы мен беларусиялық қорғаушы Артем Рахманов өзара келісім-шартты мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешімге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалы ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Артем астаналықтар қатарына 2022 жылы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қосылған.

Ол елордалық ұжым сапында дебюттік маусымда Қазақстан біріншілігін жеңіп алды.

Өткен маусымда Артем 14 кездесу өткізіп, 1 нәтижелі пастың авторы атанған.

"Астана" ұжымы Артемге команданың жетістігіне қосқан үлесі үшін алғыс айтып, табыс пен жарқын жеңістер тілейтінін жеткізді.

Айта кетейік, Артем Рахманов - Беларусь, Польша, Молдовия, Эстония чемпионаттарында доп тепкен тәжірбиелі қорғаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004623-europalyq-klubtarda-dop-tepken-futbolsy-astana-sapynan-ketti/

pixel