Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе" ұжымы жергілікті футболшының командадан кеткенін хабарлады (фото)

Опубликовано:

Көрнекі фото
Жасыл алаң. Фото: pexels.com

"Ақтөбе" футбол клубы мен қорғаушы Рустам Темірхан жаңа шарт жасаспау туралы ортақ шешімге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақтөбе футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті футболшы 2018 жылдың наурыз айында "Қайсарға" қарсы жеңісті матчта дебют жасады. Сол жылы Қазақстан біріншілігінде тек 3 ойын өткізді. Ал келесі маусымда Рустам команданың негізгі қорғаушысына айналды (25 ойын өткізіп, бір гол соққан).

2020 жылы "ақ-қызылдар" Бірінші лигада өнер көрсеткен кезде де ол ақтөбеліктердің негізгі ойыншысы атанып, 9 кездесуге қатысты.

2021/22 жылдары Рустам "Ақтөбе" сапында Қазақстан чемпионаты мен Кубогы аясындағы 20 ойынға қатысты.

"Ақтөбе" футбол клубы түлекке алғыс білдіре отырып, оның алдағы мансап жолына табыстар тілейді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004656-aqtobe-uzymy-zergilikti-futbolsynyn-komandadan-ketkenin-xabarlady-foto/

pixel