Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚХЛ-да жаңа рекорд орнатқан "Барыс" хоккейшісі аптаның үздік қорғаушысы атанды

Опубликовано:

хоккей
Фото: "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі

Құрлықтық хоккей лигасы аптаның үздік хоккейшілерін атады. Олардың қатарында "Барыс" қорғаушысы Алекс Грант бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Аптаның үздіктері:

  • Үздік қақпашы: Тимур Билялов ("Ак Барс").
  • Үздік қорғаушы: Алекс Грант ("Барыс").
  • Үздік шабуылшы: Александр Хмелевский ("Салават Юлаев").
  • Үздік жас ойыншы: Никита Гребенкин ("Амур").

Айта кетейік, кеше "Барыс" клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы кезекті матчта "Адмиралмен" ойнады. Тартысты өткен матчта елордалық ұжым 1:5 есебімен жеңіске жетті. Ойында "Барыс" қорғаушысы Алекс Грант төрт мәрте қарсыластың қақпашысынан айласын асырды. Осылайша, ол Құрлықтық хоккей лигасында покер жасаған алғашқы қорғаушы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2004668-bir-matcta-tort-ret-mergendigimen-kozge-tusken-barys-xokkeisisi-aptanyn-uzdik-qorgausysy-atandy/

pixel