"Барыс" хоккей клубы ірі есеппен жеңілді

Опубликовано:

Барыс
Фото: "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі

"Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын ресейлік "Адмирал" ұжымына қарсы өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сырт айдында өткен матчта елордалық ұжым ірі есеппен жеңілді.

Кездесудің нәтижесі:

"Адмирал» (Владивосток, Ресей) — "Барыс" (Астана, Қазақстан) 3:0

Мергендігімін көзге түскендер:

1:0 — 05:29 Шэн,

2:0 — 36:05 Шулак,

3:0 — 38:28 Сидляров.

Еске сала кетейік, "Барыс" хоккей клубы келесі кездесуін "ЦСКА" командасына қарсы өткізеді. Матч 12 қаңтар күні Астана қаласында болады деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2004711-barys-xokkei-kluby-iri-eseppen-zenildi/