Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гарет Бэйл 33 жасында кәсіби мансабын аяқтады

Опубликовано:

Гарет Бэйл
Гарет Бэйл жасыл алаңда. Фото: Instagram/garethbale11

Футболдан Уэльс құрамасының шабуылшысы Гарет Бэйл мансабын аяқтады. Бұл ақпаратты футболшының өзі әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Көп ойлана келе, клубтық және халықаралық деңгейде мансабымды аяқтау туралы шешімге келдім. Маған армандағанымдай спортпен айналасу үшін барлық мүмкіндік жасалған екен. Осы үшін бақыттымын. Қарап отырсам, 17 маусым бойы жоғарғы деңгейде өнер көрсетіппін. Бұны қайталау мүмкін емес.

Енді өмірімнің жаңа беттерін ашуға қадам жасайтын боламын. Өзгерістер мен мүмкіндіктер уақыты келді", - деді Гарет Бэйл.

Айта кетейік, футболшы Уэльс құрамасында және "Тоттенхэм", "Реал Мадрид", "Лос-Анджелес" клубтарында доп тепті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Катарда өткен Әлем біріншілігінде сәтсіз өнер көрсеткен футболшылардың тізімі жарияланған еді. Олардың қатарында Уэльс капитаны Гарет Бэйл болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2004712-garet-beil-33-zasynda-kasibi-mansabyn-ayaqtady/

pixel