Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үстел теннисінен Әлем чемпионаты: Ел қоржынына екі жолдама түсті

Опубликовано:

үстел теннис
Фото: pixabay.com

Қазақстан үстел теннисінен Әлем чемпионатына екі жолдама жеңіп алды. Бұл Катардағы Азияның іріктеу турнирінде тіркелді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық үстел теннисі шеберлері Қытай, Жапония, Корея, Иран, Үндістан және Сингапурдың спорт жұлдыздарымен бақ сынасты.

Оңтүстік Африкада өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысында Кирилл Герасименко - Алан Құрманғалиев және Айдос Кенжеғұлов - Зәуреш Ақашева жұптары жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Шешуші кездесуде Герасименко мен Құрманғалиев ирандықтар Нима мен Ношад Аламиянды (4:0), Кенжеғұлов пен Ақашева үндістандықтар Шарат Ачанта – Среах Акуланы (4:3) ұтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2004713-ustel-tennisinen-alem-cempionaty-bairaqty-basekede-el-namysyn-kimder-qorgaidy/

pixel