Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділ Ғалиахметов Қысқы универсиадада ел намысын қорғайды

Опубликовано:

Әділ Ғалиахметов жарыс кезінде
Әділ Ғалиахметов. Фото: olympic.kz

Америка Құрама штаттарының Лейк-Плэсид қаласында 12 қаңтарда жалауын көтеретін Қысқы универсиадада шорт-трек, коньки спорты және мәнерлеп сырғанаудан қатысатын ойыншылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байрақты бәсекедее шорт-тректен ел намысын 12 спортшы қорғайды. Олар: Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұқанов, Антон Хван, Санжар Жанысов, Валерий Клименко, Әлішер Абулкатимов, Яна Хван, Алёна Волковитская, Әлия Әмірғалиева, Мәлика Ермек, Зейнеп Кұмарқан, Алина Әжғалиева бар.

Коньки спортынан алты спортшы мұхиттың арғы жағына аттанды. Олардың қатарында Мақсат Мұқаев, Бақдәулет Сағатов, Андрей Зуев, Маргарита Артемьева, Инесса Шумекова, Арина Ильященко бар.

Сонымен қатар турнирде мәнерлеп сырғанау спортынан Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, Ясмин Текик, Русалина Шакрова, Гаухар Наурызова, Бойсангур Датиев өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2004714-adil-galiaxmetov-qysqy-universiadada-el-namysyn-qorgaidy/

pixel