Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы жаңа маусымды бастады

Опубликовано:

Елдос Сметов Рио Олимпиадасында. 2016 жыл, тамыз
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы жаңа маусымды бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиындарын қос құрама Алматы қаласы және Алматы облысында өткізіп жатыр.

Аталған жаттығу жиыны Франция дзюдо федерациясымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны болып саналады.

Федерация мәліметінше, отандық дзюдошылардың шеберлігін шыңдау және тәжірибе алмасу мақсатында үш дүркін Олимпиада чемпионы, 11 дүркін әлем чемпионы, бес дүркін Еуропа чемпионы, Францияның аңыз дзюдошысы Тедди Ринер Қазақстанға келген.

Оқу-жаттығу жиынына 2022 жылғы ел чемпионатының нәтижесі бойынша жасақталған Қазақстан құрамасының дзюдошылары шақырту алған.

Айта кетейік, аталған жаттығу жиыны Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Нұрбол Сүлейменов, әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаев, франциялық жаттықтырушы мамандар Ксавье Монденкс және Стефан Трайно жетекшілігімен өтуде.

Оқу жаттығу жиыны 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2004845-dzyudodan-qazaqstannyn-erler-zane-aielder-quramasy-zana-mausymdy-bastady/

pixel