Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юлия Путинцева WTA 250 турнирін сәтті бастады

Опубликовано:

Юлия Путинцева
Юлия Путинцева. Фото: ktf.kz

Юлия Путинцева Хобарт (Аустралия) WTA 250 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 59-орында тұрған америкалық Клэр Льюмен кездесіп, қарсыласын екі сетте де басым түсті. Есеп: 6:2, 6:4.

Енді Путинцева жүлде қоры 259 303 АҚШ долларына бағаланған жарыстың ширек финалына шығу үшін мысырлық Майар Шериф пен испаниялық Нурия Парризас-Диас жұбының жеңімпазымен кездеспек.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Михаил Кукушкиннің Аустралия ашық чемпионатының іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2004847-yuliya-putinceva-wta-250-turnirin-satti-bastady/

pixel