Елена Рыбакина Аустралиядағы турнирдің жартылай финалында өнер көрсетеді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

Елена Рыбакина жұптық сында Аустралияда өтіп жатқан Аделаида WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстанның бірінші ракетасы ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге америкалық Николь Меличар – аустралиялық Саманта Стосурдан екі сетте де басым түсті. Есеп 6:3, 6:3.

Осылайша, Елена Рыбакина Аустарлиядағы турнирдің жартылай финалында өнер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аустралия ашық чемпионатының ұйымдастыру комитеті биылғы бірінші "Үлкен дулыға" турниріне қатысатын ойыншылар тізімін жария еткен еді. Олардың арасында қазақстандық теннисшілер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2004965-elena-rybakina-australiyadagy-turnirdin-zartylai-finalynda-oner-korsetedi/