Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бас тартты": Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабына кім кедергі келтіргенін ашып айтты

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы мансабына кім кедергі келтіргенін ашып айтты, деп хабарлайды meta-ratings.kz.

31 жастағы былғары қолғап шебері атақты промоутері Эдди Хирннен кетіп, Зия Әлиевпен жұмыс істей бастады.

Ол екі жылда бар болғаны бір ғана жекпе-жек өткізді.

2021 жылдың желтоқсанында Данияр Елеусінов IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алды. Кейінірек боксшының титулынан айырылғаны белгілі болды.

"Бұл менеджерлерімнің кінәсі. Олар Эддимен әрі қарай жұмыс жасаудан бас тартты. Содан кейін мені кездесуге шығармай ұстады", - деді Данияр Елеусінов.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы айқасын 2021 жылы 18 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізген. Оның қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леао болды.

Данияр Елеусінов жекпе-жекті өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Жалпы барлық раундта Елеусінов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2005030-bas-tartty-eleusinov-kasipqoi-bokstagy-mansabyna-kim-kedergi-keltirgenin-asyp-aitty/

pixel