Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы "Тараз" сапынан неліктен кеткенін түсіндірді (фото)

Опубликовано:

футболшы
Абылайхан Жұмабек жасыл алаңда. Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абылайхан Жүмабек "Тараз" клубы сапынан неліктен кеткенін түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Футболшы Instagram желісіндегі парақшасында үндеу жасады.

Құрметті "Тараз" клубының жанкүйерлері! Сіздер мені әрқашан да қолдайсыздар, маған күш пен жігер бересіздер. Сол себепті мен сіздерді құрметтеймін.

Менің "Тараз" сапынан кетуім тек қана менің спорттық мақсатыма байланысты екендігін айтқым келеді.

Былтырғы жыл мен үшін өте маңызды болды. Маған өз туған командамда ойнап, гол салу бақыты бұйырды. Ұлттық құрамаға да шақырту алдым. Бұл арман.

Дегенмен, мен әрі қарай дамуым керек. Кәсіпқой деңгейде өсуім керек. Бірінші лига ол үшін қолайлы емес. Осы себепке байланысты туған қаламнан кетуге мәжбүрмін.

Енді басқа командада ойнайтын боламын. Бұл команданы мықты бапкер, керемет жанкүйер мен жоғары мақсат болғасын таңдадым. "Ақтөбеге" пайдамды тигізгім келеді. Дегенмен, "Таразды" ешқашан да ұмытпаймын. "Тараздың" жүрегімдегі орны мәңгі. Келесі көріскенше", - деді Қазақстан құрамасының капитаны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005031-futboldan-qazaqstan-quramasynyn-sabuylsysy-taraz-sapynan-nelikten-ketkenin-tusindirdi-foto/

pixel