Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үстел теннисінен Әлем чемпионатына Кирилл Герасименко тағы бір жолдама жеңіп алды

Опубликовано:

Кирилл Герасименко
Кирилл Герасименко. Фото: olympic.kz

Катарда үстел теннисінен әлем чемпионатына Азиялық іріктеу жалғасуда. Кирилл Герасименко қоржынға Әлем чемпионатының тағы бір жолдамасын салды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Жекелей сында қазақстандық Кирилл Герасименко Сингапур өкілі Кларенс Чжэ Юды 4:1 есебімен жеңді. Бұл көрсеткіш отандық спортшыға әлем кубогына жолдама алуға мүмкіндік берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Кирилл Герасименко мен Алан Курмангалиев әлемдік турнирге жұптық сында, ал Зауреш Акашева мен Айдос Кенжигулов аралас разрядта жолдама алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005032-ustel-tennisinen-alem-cempionatyna-kirill-gerasimenko-tagy-bir-zoldama-zenip-aldy/

pixel