Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида турнирінің финалына шықты

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралияда өтіп жатқан Аделаида WTA 500 турнирінің финалына шықты, дееп жазады Қазақстанның теннис федерациясы.

Елена ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен ойнап, 6:4, 7:5 есебімен басым түсті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Аустралия ашық чемпионатының ұйымдастыру комитеті биылғы бірінші "Үлкен дулыға" турниріне қатысатын ойыншылар тізімін жария еткен еді. Олардың арасында қазақстандық теннисшілер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005104-elena-rybakina-zuptyq-synda-adelaida-turnirinin-finalyna-syqty/

pixel