Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан теннисшілерінің Аустралия ашық чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Опубликовано:

теннис
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

"Үлкен дулыға" турнирі – Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен кездеседі.

Юлия Путинцева (рейтингте 51-орында тұр) әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен ойнайды.

Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович-Фокинадан айласын асыруға тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005156-qazaqstan-tennissilerinin-australiya-asyq-cempionatyndagy-qarsylastary-anyqtaldy/

pixel