Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұран" футбол клубының бас директоры тағайындалды

Опубликовано:

Әлібек Нұрбайұлы
Әлібек Нұрбайұлы. Фото: Instagram/fc.turan

"Тұран" футбол клубының басшылығында өзгеріс болды. Бас директор лауазымына Әлібек Нұртаев тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Тұранның" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлібек Нұрбайұлы 2002 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін аяқтаған.

Ол мансабын Туризм және спорт саласының бас маманы ретінде бастап, әр түрлі лауазымдарда қызмет етті.

2013 жылы ОҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынының басшысы қызметіне тағайындалды. Одан кейін Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басшысы қызметін атқарды.

2018 жылы Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, 2020 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының директоры қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап Олимпиада резервін дайындау орталығының директоры болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2005158-turan-futbol-klubynyn-bas-direktory-tagaiyndaldy/

pixel