Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин екінші рет үйленді (фото, видео)

Опубликовано:

Илья Ильин
Илья Ильин. Фото: instagram.com/ilyailyinforever

Танымал қазақстандық ауыр атлет, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин екінші рет отбасын құрды. Оның тойы Астана қаласында өткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спортшының таңдауы бизнес вумен Татьяна Гордиенкоға түскен. Той кеше, 12 қаңтарда өтті.

Салтанатты шараның суреттері Гордиенконың Instagram парақшасында жарияланды.

"Мен махаббатқа, шексіз бақытқа және ең жақсы адамға "иә" дедім", - деп жазды ол.

Илья Ильин мен Татьяны Гордиенконың тойы
Илья Ильин мен Татьяны Гордиенконың тойы. Фото: instagram.com/gordienko_tatyana_

Еске салайық, бұл Илья Ильиннің екінші некесі. Осыған дейін спортшының жұбайы қазақстандық гандболшы Наталья Кулакова болған. 2009 жылы ерлі-зайыптылардың Милан есімді қызы өмірге келеді. Ал 2017 жылы Илья мен Наталья ажырасып кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005262-ilya-ilin-ekinsi-ret-uilendi-foto-video/

pixel