Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Делидегі жарыстың жеңімпазы атанды

Опубликовано:

Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова
Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстандықтар Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова Үндістан астанасы Делиде өткен екінші санаттағы J200 DELHI жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Қазақстан теннис федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Нұпбай мен Арыстанбекова 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасында еліміздегі ең табысты жұп болып саналады.

Олар финалда Таиланд спортшыларын 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Осылайша, олар оныншы титулға қол жеткізіп отыр.

Еске сала кетейік, Айя Нұпбай мен Асылжан Арыстанбекова өткен жылы ITF Juniors сериясында жеті турнирде үздік шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2005309-aiya-nupbai-men-asylzan-arystanbekova-delidegi-zarystyn-zenimpazy-atandy/

pixel