Испания Суперкубогы: "Барселона" мен "Реал" арасындағы финалдық матчтың қалай аяқталғаны белгілі болды

Опубликовано:

футбол
Араухо мен Винисиус. Фото: Twitter/FC Barcelona

Түнде Испания Суперкубогының финалы өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сауд Арабиясындағы King Fahd International стадионында өткен титулдық матчта "Барселона" мен "Реал Мадрид" кездесті.

Ойын 3:1 есебімен каталониялық клубтың пайдасына аяқталды. Гол авторлары: Гави, Роберт Левандовски, Педри - Карим Бензема.

Осылайша "Барселона" Испания суперкубогын он төрт рет жеңіп алған алғашқы клуб атанды. Ал "Реал Мадрид" тарихында аталған титулды он мәрте ұтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2005428-ispaniya-superkubogy-barselona-men-real-arasyndagy-finaldyq-matctyn-qalai-ayaqtalgany-belgili-boldy/